«Екі адам ауруханаға жатқызылған»: БҚО-да жедел жәрдем мен экскаватор соқтығысты

0
Батыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі экскаватормен соқтығысты. Нәтижесінде зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 маусым күні сағат 18.15-те Орал-Тасқала жолының 26-шақырымында болды.

«УАЗ» (жедел жәрдем) көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сөйтіп, алда 1973 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан трактор-экскаватормен соқтығысуға жол берген.  Жол апаты салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған 1966 және 1981 жылғы әйел адамдар Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.