Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай әуежайға қайта қонды 8 0

0
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай елорда әуежайына оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 16 маусымда күндіз болды. FlyArystan әуе кемесінің ұшағы қайтып келді. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіндегілер растады.

«А320 ұшағы сағат 14.34-те Алматы әуежайына ұшып шықты. Алайда кейінірек техникалық себептерге байланысты борт Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға оралды. Әуе кемесі ауыстырылады. Қайта ұшу 19.10-ға жоспарланған болатын, бірақ соңғы мәліметтер бойынша рейс 23.40-қа дейін шегерілді», — деді әуежай өкілдері.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.