Адамдар енді тас қараңғыда да көре алатын болды

0

Австралиялық және еуропалық ғалымдар қарапайым көзілдіріктің бетіне ультра жұқа пленка қолдану арқылы қараңғыда анық көруге мүмкіндік беретін революциялық технологияны ойлап тапты.

Австралия ұлттық университетінің зерттеушілері Италиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Франциядан және Болгариядан келген әріптестерімен бірге нанометрлік өлшемдегі кристалдар негізінде жұқа пленка жасап шықты, ол адамның көзіне көрінбейтін инфрақызыл сәулені көрінетін бейнеге айналдыра алады.

Жарықты басқарудың жаңа технологиясында ультра өте жіңішке қабықшалардың метабеткі қасиеттері қолданылады, яғни оның оптикалық қасиеттері әр нүктеде өзгеріп отырады.

Өнімді әзірлеушілердің айтуы бойынша, жаңа технология өте оңай, арзан және жаппай өндіруге ыңғайлы, бұл құрылғы түнде күндізгідей жүре беруге мүмкіндік береді.

Бірақ соңғы бөлігінің өндірісі үшін криогендік мұздату қажет, ал оның өндірісі қымбатқа түседі.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.