Оралда сарбаз өз-өзіне оқ атып, көз жұмды

0
Оралда мерзімді әскери қызметші өзін-өзі атып тастады. Қайғылы оқиға 16 маусым күні таңертең болған.

Сарбаз қаладағы түзеу мекемелерінің бірінде күзетте болған. Ол ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді. Артынша сарбаз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қару-жарақпен күзетте тұрған қарапайым сарбаз өзіне-өзі оқ атқан. Сарбаз жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш салуына  қарамастан, сарбазды құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеу шараларын жүргізуде», – дейді әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.