Еуропаның бір мемлекеті коронавирус індеті аяқталғанын мәлімдеді

0
Словения үкіметі коронавирус эпидемиясы аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді.

Үкіметтің хабарламасында былтыр 12 наурызда енгізілген эпидемия режимі 16 маусымнан бастап алынатыны жазылған. Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы шаралар 17 маусымға дейін сақталатынын, кейіннен ол қайта қарастырылатынын хабарлады. Жабық нысандарда маска тағу және дезинфекциялық құралдарды қолдану міндетті.

«Ертеңнен бастап Словенияда эпидемия ресми түрде аяқталады, бірақ коронавирусқа қарсы күрес әлі біткен жоқ. Вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала бермек», – делінген ДСМ хабарламасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, елде кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 112 адам анықталған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.