«Қазақтелекомның» интернеті ауылдық мұғалімдерге қашықтан магистратурада білім алуға мүмкіндік берді

0

«Казақтелеком» шалғай ауылдардағы радиожиілікті байланыс жүйесін оптикаға ауыстырып, тұрғындарды жылдам интернетпен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.

Мәселен, жуырда Ақмола облысының 6 мыңнан астам адам тұратын Бестөбе ауылы ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) технологиялы кең жолақты жылдам интернетке қол жеткізіп, өзін-өзі дамытуға, жұмыс істеуге, оқуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Бестөбе Степногорск қаласынан 100 шақырым жерде, Ақмола облысындағы аса бай кеніштердің бірі – Бестөбе алтын өндіру кен орнына жақын маңда орналасқан. Бұдан бөлек, елді-мекенде әлеуметтік инфрақұрылым дамыған – 3 мектеп, 3 балабақша , емхана, Мәдениет үйі, полиция пункті, төтенше қызмет және басқа да қажетті құрылымдар бар.

Біраз уақыттан бері жергілікті тұрғындар ауылға жылдам интернет тартуды сұрап жүрген. Өткен жылы «Қазақтелеком» «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында талшықты-оптикалы байланыс жүйесін еліміздің 828 елді-мекеніне, оның ішінде Ақмола облысының Бестөбе ауылын қосқанда 36 ауылына тартып, ірі жобаны аяқтады.

«Бестөбе ауылының тұрғындары интернет сапасына байланысты бірнеше рет мәселе көтерген, сапалы интернеттің қажеттілігі, әсіресе, пандемия кезіндегі онлайн-оқу барысында байқалды.

Сандық радиожелілі байланыс жүйесін талшықты-оптикалы байланыс жүйесіне ауыстыру арқылы жылдам интернетке тек ауылдағы мемлекеттік мекемелер ғана емес, ауыл тұрғындары да қол жеткізді.

«ТОБЖ жобасы бойынша ауылдық елді-мекен Бестөбеге дейін ұзындығы 78 шақырымдық оптикалы кабель тартылды», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Орталық ӨТД бас директоры Қажымұрат Темірханов.

Оптика құрылысының арқасында 6 мыңнан астам бестөбелік кең жолақты интернетке қол жеткізді. Бұл ауыл тұрғындарына заманауи телекоммуникация қызметінің барлық түрін пайдалануға мүмкіндік берді. Мысалы, орта мектептің математика және химия пәнінің мұғалімі Алена Назарова біліктілік арттыру бойынша онлайн-қызметтің жаңа түрін ашты. Ол ақпараттық технология ғасырында әрдайым дамып, алға жылжып отыру керек деп есептейді.

«Ұстаз болып қызмет етіп келе жатқаныма 24 жыл болса да, оқуға және үйренуге әрдайым көңіл бөліп отырамын. Омбы университетінің магистратурасында оқып жатқаныма тура бір жыл толды.

Біздің ауылда интернет бұрыннан болғанымен, өте баяу еді. Өткен жазда оқуға түсу емтихандары басталғанда баяу интернеттің кесірінен емтихан алатын комиссияға кіре алмай, ЖОО-на түсе алмай қалдым. Магистратурада білім алу үшін маған Степногорск қаласына баруға тура келді. Қазір оптикалы-талшықты желі тартқалы Ресейдегі ұстаздарымыз білім беретін платформада оқу мүмкінді ашылды. Ұстаздардың аудио немесе видео арқылы сабағына қатыса аламыз», – дейді Бестөбе ауылының №2 орта мектебінің математика және химия пәнінің мұғалімі Алена Назарова.

Ғалия Жәркенова да мұғалім, бастауыш сыныптарға сабақ береді және мектептегі жұмысын логопед-дефектолог мамандығымен ұштастырып жүр. Дәл осы екінші мамандығы бойынша онлайн режимде біліктілігін арттыруда.

«Иә, жаңа ақпараттық технологиялар пандемияға дейін-ақ оқу процесіне енді, алайда қашықтан оқыту форматына ауысқан соң мұғалімдер оны жұмысында пайдалануға мәжбүр болды.

Дәл осы карантин жағдайында бізге жылдам интернет қажет еді. Мен балаларды түрлі платформада оқытып жүрдім. Өйткені қалып қоюға болмайтын, балаларды оқытудың түрлі жолдарын таптық. Қазір өзім де онлайн оқып жүрмін. Дәріс тыңдаймыз, сынақ тапсырамыз және тікелей трансляция арқылы талқылап, пікір таластырамыз. Мұның бәрі сапалы интернеттің арқасы. Бұрын мұндай мүмкіндігіміз болған жоқ», – дейді №2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ғалия Жәркенова.

Ал Бестөбе тұрғыны Сания Жұмабекова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бір жыл бұрын мектепке дейінгі білім беру әдіскері болып біліктілігін ауыстырған. Енді оның жұмысы балалар үшін түрлі ойындар, таңғы жаттығулар ұйымдастыруды қажет етеді. Санияның ойынша, жаңа әдістеме мен сабақтар жасау үшін маманның өзі әрдайым дамып отыруы керек.

«Жақында «Білім саласындағы менеджмент» бойынша біліктілікті арттыру жөнінен онлайн-курсты бітіріп, сертификат алдым. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру педагогтарының арасында өтетін «Зейін» олимпиадасына бірнеше мәрте қатыстым. Жылдам интернетпен жұмыс істеу және оқу тиімді болды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктер ашып, жаңа тәсілдер үйренуге, оны жұмысымызда тиімді пайдалануға жол ашты», – дейді балабақшаның әдіскері Сания Жұмағұлова.

Естеріңізге салайық, «ТОБЖ АЕМ» жобасы құрылысы 2018 жылы басталып, 2 жылда «Қазақтелеком» республика бойынша 828 ауылға талшықты-оптикалық байланыс жүйесін орнатты. Осылайша 2,5 мың мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерді де кең жолақты сапалы интернетпен қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта «Кселл» және «Теле2» ұялы байланыс компанияларымен құрылған желілік инфрақұрылым негізінде «250+» жобасы аясында ауылдарды мобильдік жылдам интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету үшін базалық станциялар орнатылмақ.

Жоба бойынша 600 мың тұрғыны бар 928 ауыл қамтылады. Бұл екі бағдарлама да қала мен ауылдағы цифрлық теңсіздікті жойып, қайда тұратынына қарамастан, заманауи телекоммуникациялық қызметтің барлық түрін еркін пайдалануға бағытталған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.