Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерге мүмкіндік туды

0
Алматыда 200-ден аса әке алимент төлеуден қашып жүр. Безбүйрек ерлердің баласы алдындағы қарызы 350 миллион теңгеге жеткен. Жұмыс жоқтығын сылтауратқан азаматтарға енді әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы екі қолға бір күрек тауып беруге кірісті.

“Әйел аз төлеймін, жасырын жұмыс істеп жүр деп ойлап жүр. Менің ондайым жоқ. Бетім ашық. Айтқан. Шақырды. Мен келдім, жұмыс табуға. Қоймашы бар екен, менеджер бар”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Руслан Тілеужанов.

Бір ғана Алматының өзінде алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асқан. Бірі перзентінің алдындағы берешегін өтеп жатса, көбісі жалақысын жасырып қалуға тырысады.

Жауапсыз ерлердің борышын төлетуге мемлекет қолданбаған шара қалмаған. Әйтсе де ескертуді елемейтіндер көп жағдайда төлемнің уақтылы жасалмауын, жағдайының төмендігі және жұмыссыздықпен байланыстырады. Енді «Жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, әділет басқармасы 15-тен аса компанияны аталмыш  шараға тарттып отыр. Әрқайсысында 50-ге жуық бос вакансия бар. Онда ер-азаматтар қолынан келетін жұмысқа орналастыра алады.

“Әрқайсысынан алатын болсаңыз, миллионның үстінде. Әр борышкердің, 200 адамның миллионның үстінде. Үш айдан артық төлемесе,оны проблемалық алиментке кіргізіп жатырмыз. Біреуде 2 миллион бар. Біреуде 3 миллион.  Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Он адамға қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның үстіне тағы алменттен жалтарып жүрген 25 адамға сондай шара дайындап жатырмыз”, – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.