Ерке Есмахан: Аяғым ауыр емес! Арамызда неке жоқ!

0

Әнші Ерке Есмахан Ninety one тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жайлы әнші Instagram-stories-тегі сұрақ-жауап айдарында айтты. Еркенің оқырмандары «Аяғыңыз ауыр ма?» деп сұрады.

«Аяғым ауыр емес! Арамызда неке жоқ! Заңды түрде үйленген жоқпыз! Бірге тұрмаймыз! Тек бір-бірімізді танып, біліп, кездесіп жүрміз! Әрі қарай бұл сезімнен қандай шешім болады, оны Алла біледі! Бәрі уақыттың еншісінде!», – деп жауап берді әнші.

Еске салайық, жақында Азамат Зенкаев та Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялаған болатын.

«Baby-she sol Bäibіşe», – деп жазды әнші жазбасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.