Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам қайтыс болды

0
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.15 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 204 адам коронавирус инфекциясынан (20 109 КВИ+ және 1 095 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 6 655 науқас стационарда,
  • 14 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр,
  • 458 адамның жағдайы ауыр,
  • 110 науқастың жағдайы өте ауыр,
  • 69 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 757 жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.