Мейрам Пішембаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

0
Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

 

Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеген.

“Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев Қазақстан Республикасы президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Мейрам Пішембаев 1959 жылы 29 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2004 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін Мейрам Пшембаев — Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы. 2013 жылдан бастап «Атамекен» ҚР АЭС төралқасы жанындағы машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007 жылдан 2021 жылға дейін IV, V, VI шақырылымдар парламенті мәжілісінің депутаты болды. «Достық», «Ормет», «Парасат» ордендерімен, «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.