Қатты жиіркенішті: Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға сын айтты

0
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазіргі жас қыздардың әдебіне қатысты сын айтты. Әсіресе, балағат сөз айтатын қыздардың тәрбиеден жұрдай екенін жеткізді.

 

«Екі сөзінің бірі боғауыз адамдарды сіз де көріп жүрсіз ғой, Американы ашқандай болмайын. Ондайларға көзің де, құлағың да, өзің де үйренеді екен. “Связка слов” қой деп ақталады тағы. Осы жасқа келгенше талай адамды көрдім әдептіліктен жұрдай. Бәрін қойшы, бірақ мен үшін дәл қазір жап-жас қыз балалардың (12+) боқтап сөйлегені қатты жиіркенішті. Дым жараспайды, ұялып кетесің. Қыздар, айғайлап сөйлеу, бас жоқ, аяқ жоқ әңгімеге киліге кету, кішірейе салудың орнына сен деп сенсіреу, шекарадан аттап, адамның жеке өміріне араласу, адамды орнына қоям деп намысына тиетін сөздер айту нағыз дөрекілік. Тәрбиесіздік. Мода емес. Боқтап сөйлегеннен сыйлы болып кетем деп ойласаң, ӨТЕ қателесесің”, – деп жазды тележүргізуші желіде.

Желі қолданушылары өз ойын қосып, үн қатты.

“Үйлеріндегі тәрбиеден шығар мүмкін”, “Ләйла ханым, Алла разы болсын сізге. Дұрыс мәселе көтеріп отырсыз. Дәл менің ойымдағы Айтқаныңыздың бәрі рас”, “Тәрбиесиздер көбейіп барады бұл коғамда.… Өте ұят”, “Соны айтамын еп ерсі неге біздің қазақтың жеткіншектері көбісі сондай?”, “Тәрбие тал бесіктен. Қызым үйде, қылығы түзде. Расында да біздің қаракөз қыздарымыз тәккәппар, боқауызшыл болып бара жатыр. Әрине бәрі емес”, “Дұрыс айтасыз, жастар мəдениеттен жұрдай”, “Әр ортаның өз сөзі лексиконы бар сондықтан сөз тіркесінде пайдалануға тура келеді”, деп жазды олар.

Ләйлә Сұлтанқызы бұдан бөлек әлеуметтік желіде жөнсіз отыратын ересектердің әрекетін айтты.

“Біраздан бері байқап жүрген бір жағдаймен бөліскім келеді.
Жас дей алмайсың, 30,40-тан асқандардың (әйел, еркек деп бөлім келмейді) телефонды сағаттап шұқылап отыратыны, түкке тұрғысыз вирус прикол видеоларды шаршамай көретіні таңғалдырады. Қатты таңғалдырады. Бала ғой дейін десең бала емес, кейбірі тіпті тәп-тәуір қызметте істейді.
Бұл тенденция ма, сән бе, ми демалдыру ма, бос уақыттың көптігі ме… білмеймі. Ақырындап жан-жағыңызға қараңызшы, бақылап көріңізші:
жарыңыз, ағаңыз, ініңіз, ер жеткен балаңыз болмайтын видеоларды көп көре ме?”, – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының көпшілігі желіде тик-ток түсіріп, уақытын өткізетін тележүргізушінің өзіне сын айтты.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.