БҚО-дағы демалыс аймағында жүздеген адамның көзінше әйел суға батып кетті

0

БҚО-да демалыс орталығының аймағында келіншек суға батып кетті

Қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Келіншектің өлімін демалыс орталығында болған басқа да демалушылар көрген.

«Сая» демалыс орталығында бір әйел біздің көз алдымызда суға батып кетті. Оған ешкім көмектесе алмады. Жағажайда құтқарушылар болған жоқ. Қауіпсіздік шаралары сақталмайды. Оқиға орнында демалыс орнының әкімшілігі де болған жоқ. Ешкім жасанды тыныс алуды қалай жасау керек екенін білмейді. Күн қатты ыстық болды. Әйел мыңдаған адамның көзінше көз жұмды», – деді оқиғаның куәгері.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті 13 маусым күні кешке жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскені туралы мәлімдеді.

«13 маусымда сағат 19:45-те Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық ауылының маңында, “Сая” демалыс аймағында шомылу кезінде суға батып кеткен 33 жастағы әйелдің денесі судан шығарылды», – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар басқармасы.

Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.