Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

0
Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті.

 

Оқиға 14 маусым күні таңертең Алатау ауданында болған.

“Т.есімді азамат «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігін басқарып, Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.

Кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін, Т.есімді азамат автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні — С.есімді азаматты қағып кетті, сондай-ақ, жүргізушісі көлігінен тыс жерде тұрған «Газель» автокөлігін соқты.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды.  Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді”, – деді полиция департаментінде.

Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасы жүргізуде.  Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.