Арматурамен ұрған. Шардарада браконьерлер қорықшыларды соққыға жықты

0

Түркістан облысында Шардара су қоймасында электрлі қармақпен балық аулаған браконьерлерге инспекторлар ескерту жасаған. Оны елемеген тәртіп бұзушылар қорықшыларға қарсылық көрсетіп, соққыға жыққан.

Otyrar.kz хабарлауынша бетперде киген ер адамдар балықты электрлі қармақпен аулаған. Қорықшылардың балық заңсыз аулауды тоқтату туралы талабына браконьерлер қарсылық танытқан.

АЛТЫ ЕР АДАМ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ АРМАТУРАМЕН ЖӘНЕ ЕСКЕКТЕРМЕН СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН. ЕКІ ҚОРЫҚШЫ СУҒА ҚҰЛАП ЖАТСА ДА, ҚАСКӨЙЛЕР ОЛАРДЫ ТОҚПЕН ҰРА БАСТАҒАН. ОСЫДАН КЕЙІН ҮШ ҚАЙЫҚҚА МІНГЕН КҮДІКТІЛЕР ҚЫЛМЫС ОРНЫНАН БОЙ ТАСАЛАДЫ. ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ПОЛИЦИЯ ШАҚЫРҒАН, – ДЕЛІНГЕН ХАБАРЛАМАДА.

Күдіктілерді құқық қорғау органдары мен табиғат қорғау ведомствосының қызметкерлері іздестіруде.

Айта кетейік, «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.