«Азаптау болған жоқ»: Ішкі істер министрі митинг, кеттлинг туралы

0

Былтыр Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен брифингте БАҚ өкілдерінің митингілердегі «кеттлинг» әдісі жайында сұрағына жауап берді.

«Расымен, біз рұқсат етілмеген митинг өткен жерлерді бірнеше рет құрсауға алдық. Алайда, басқа елдердің полициясы сияқты су атқыштар, жарық-шу гранаталары және басқа да арнайы құралдар қолданбадық. Біздің полицейлер әрдайым қарусыз, таяқсыз, газсыз тұрады және құқықбұзушылықтың жолын физикалық күшімен ғана кеседі.

Күштеу, азаптау болған жоқ. Азаматтардың бәріне қоршаудан шығуға мүмкіндік бердік. Оларға су мен тамақ ұсынылды, еш зорлық-зомбылық болған жоқ», — деді министр.

Еске салсақ, 2020 жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойды.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.