Жыл басынан бері Қазақстанда 84 бала суицид жасап, өмірімен қош айтысты

0

Ішкі істер министрінің айтуынша, оның себептері әр түрлі

Жыл басынан бері елімізде кәмелеттік жасқа толмаған 84 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді

Оның айтуынша, жалпы 248 жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция қызметкерлерінің арқасында оның 164-і құтқарылды.

 «Әрбір үшінші оқиғаның себебі — жасөспірімнің ата-анасы немесе туыстарымен ұрысып қалуы. 12%-ы өзін жалғыз сезініп, өмірмен қоштасқысы келеді. 10%-ы достарына ренжіген. 3%-ы оқу орнына, және тұрмыс жағдайына көңілі толмай өз-өзіне қол жұмсайды», — деді ҚР Ерлан Тұрғымбаев.

azattyq-ruhy.kz

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.