Бизнес жүргізу рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 75-орында ие болды

0

2021 жылғы US News & World Report-ке сәйкес кәсіпкерлік үшін қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады

 

Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейі 100-ден 0,9 ұпайды құрады.

«ҚР барлық рейтингтік санаттарға сәйкес емес деп бағаланды. ТМД елдерінің ішінде Ресей 22-орын, Украина 51-орын, Беларуссия 57-орын, Әзірбайжан 71-орынға тұрақтаған. Тек үш мемлекеттің көрсеткіші Қазақстаннан төмен болып шықты. Ол Өзбекстан 76-орын, Гватемала 77-орын және Сальвадор 78-орын», — деп атап өтті сарапшылар.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Жапония, Германия және АҚШ кірді. ТОП 5-ке Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея қосылған.

Рейтинг 76 түрлі индикаторлар бойынша 17 мыңнан астам адамнан сауалнама жүргізу арқылы анықталды.

2021 жылдың маусым айының басында елімізде 1,1 миллион белсенді жеке кәсіпкерлік субъектілері болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% артық.

Кәсіпкерлік бойынша елімізде үш жетекші облыстың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы да кірді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.