Үйдің ауласында есірткі өсірген қызылордалық ұсталды

0

Үйдің ауласында есірткі еккен Қызылорда облысы тұрғыны ұсталды.

Қызылорда облысы ПД-ті Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 3 маусым күні өз үйінің ауласында алты түп сора өсірген аудан тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.