Британияда G7 лидерлерінің мүсіндері қоқыстан жасалды

0

Үлкен жетілік елдерінің саммиті өтетін Ұлыбританияда аталған 7 мемлекет басшыларының қоқыстан жасалған мүсіні орнатылды.

Алматы, NEGE. Ескерткіш электронды бұйымдардың қалдықтарынан дайындалған. Осылайша авторлар әлемдегі экономикасы озық ел басшыларының назарын қайта өңдеу мәселесіне аударғысы келеді. Суретшілер мүсінді жасауға түрлі техниканың 20 мыңдай бөлшегі жұмсалғанын айтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 53 миллион электронды қоқыс тасталады. Сарапшылар 2050 жылға қарай аталған қалдық саны 2 есе артатынын ескертеді.

Джо Раш, суретші:

«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары мәселені бір-біріне сілтей бермей, өзара ашық сөйлесіп, қоқыс заттарды қайта өңдеуге арналған бірегей жоба жасаса деймін. Электронды заттарды кейін керексіз қалдыққа айналатындай көп көлемде шығарудың еш қажеті жоқ. Бұл мәселелерді әр ел жеке емес, ғаламдық ауқымда шешу керек.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.