Алматы облысында қатты сел жүріп өткен

0
Алматы облысында сел жүріп өткен. Әлеуметтік желілерде қуатты балшық су ағынының видеосы пайда болды.

9 маусымда жауын-шашын және бұршақ түрінде жауған жаңбыр салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сайда секундына 70.0 куб метр шығынмен сел жүрген.

«Нәтижесінде, Сарыөзек-Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жол жүру бөлігіне су ақты, — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.