ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Ұ.ЖАЗЫЛБЕК Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

0

Бүгін Т.Рысқұлов ауданына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек іссапармен келіп, ауылдардағы бірнеше құрылыс нысандарын аралап, қолға алынған жұмыстардың барысымен танысты.

Бірінші кезекте Ұлан Еркінұлы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Жандос Ордабаевпен бірге Әбжапар ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу және Құмарық ауылындағы ауыз су жүйесі құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс басында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Дауытбеков қарсы алып, бүгіндежұмыстар жоспарға сай атқарылып жатқанын баяндады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен облыс әкімінің орынбасары жұмыстың сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөліп, жауапты жұмыстың нәтижелі аяқталуына мән беру қажеттігін баса айтты. Себебі, аталған құрылыс нысандары ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс.

Осыдан кейін Ұлан Жазылбекқұрылысы қарқынды жүріп жатқанД.Қонаев – Әбілқайыр ауылдарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстарын көріп,зер салды. Ұлан Жазылбек құрылыс алаңында мердігерлермен кездесіп, олардың алдында өте жауапты іс тұрғанын ескертті. Себебі, мердігер ұйымдарға жұмыстарды ағымдағы жылдың 1 қазанына, яғни жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқтау міндеттелген.

Осы күні Ұлан ЕркінұлыҚұлан ауылында бой көтерген көпқабатты «Арай» тұрғын үй алқабында салынып жатқан 80 пәтерлі тұрғын үйлердің және осы тұрғын үй кешенінің кәріз коллекторының құрылыс жұмыстарыментанысып, мердігерлермен кездесіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма жүктеді.
Өңір басшысының орынбасары сапарының соңында алгоритмге сай аудан орталығында орналасқан М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу және Құлан ауылындағы орталық су іркуіш имаратын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жай-күйін бағамдады. Мердігер компания өкілдерімен тілдесіп,  мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқанын көрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.