Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

0

ҚР Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді

Енді тестілеуге кіргізілген кезде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.

«Оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру рұқсаттама бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттың, ал он алты жасқа толмаған адамдардың орта білім беру ұйымын бітіргені туралы анықтаманың негізінде жүргізіледі, — делінген құжатта.

Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және автоматтандырылған жүйеде онлайн тіркеу арқылы өтініш берген оқуға түсушілер адамның көлемді-кеңістіктік нысандағы сканері арқылы іске қосылады және жеке басын сәйкестендіреді.

Тестілеуге кіру кезінде металл детекторлар қолданылады.

Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығулар және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс болады.

120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі.

180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы — 65 минут.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ — ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы — 130 минут.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін — 80 минут.

ҰБТ-ны электронды форматта өткізу кезінде оқуға түсушіге мына нәрселер рұқсат етілмейді:

  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз, ертіп жүруінсіз шығу;
  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) 10 минуттан артық уақытқа шығуға;;
  • сөйлесуге,  орын аустыруға;
  • оқуға түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы құжаттар мен қағаздармен алмасуға;
  • аудиториядан (компьютерлік сыныптан) А4 форматындағы құжаттар мен қағаздарды шығару;
  • аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер) пайдалану, радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін пайдалану (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Bluetooth), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалар);
  • тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шу шығаруға;
  • тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарды өзіңізбен бірге алып кетуге;
  • тест тапсырмаларының мазмұнын талқылау және жариялауға;
  • тестілеу мен қауіпсіздік жүйесін пайдалануға арналған техниканы қасақана бүлдіруге.

Осы ережелерді бұзған тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады.

Айта кетейік, бұйрық 2021 жылғы 19 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.