Эммануэль Макронның бетінен шапалақпен салып қалған адамға айыппұл салынуы мүмкін

0

Франция президенті бұл жағдайға қарамастан халықпен кездесуге шыға беретінін айтты

Франция президенті Эммануэль Макронның бетінен шапалақпен салып қалған ер адам түрмеге қамалып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

«Франция Қылмыстық кодексінің 222-13-бабында егер болған жайттан кейін сегіз күн ішінде президенттің жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда…3 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», — дейді адвокат Алан Фюфло.

Франция премьер-министрі Жан Кастекст республика президентіне күш көрсету оқиғасын демократияға жасалған шабуыл деп бағалады.

«Демократия дегеніміз пікірталас, диалог, түрлі көзқарастардың қақтығысы, бұл заңды түрде қарсылық білдіру. Бірақ еш жағдайда күш көрсетуге болмайды», — деді ол.

8 маусымда Франция президентіне шабуыл жасалды. Дром департаментіне сапары барысында Эммануэль Макрон оқу орнынан шығып, тосып тұрған жергілікті тұрғындармен сәлемдеспек болды.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.