Қарағандылық келіншек Ashyq-тың кесірінен жұмысқа кіре алмай қалған

0
Қарағандыда коронавируспен ауырып, жазылған әйел Ashyq қосымшасындағы шектеулерге байланысты жұмысқа кіре алмай қалған.

 

Бибігүл Батырбекова коронавирус жұқтырған. Ол екі апта бойы үйінде емделіп, артынша ауруханадағылар оған жұмысқа бара алатындығы туралы анықтама береді. Алайда Ashyq қосымшасында “қызыл” мәртебесі ауыспай қалған ол енді жұмысқа кіре алмайды.

ПТР тестілеу теріс нәтиже көрсеткенімен, айтарлықтай өзгеріс болмаған. Тек Бибігүлдің мәртебесі “қызылдан” “сарыға” ауысқан.

“Жұмысқа кіре алмадым. Алдағы уақытта шетелге шығу керек болса да, бара алмайтын болып тұрмын. Тіпті кинотеатрлар мен мейрамханаларға барсам маған “қызыл” мәртебедесің деп айыппұл салуы да мүмкін”, – дейді Бибігүл Батырбекова.

Бибігүл емханаға, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, СЭС-ке де жүгінген. Алайда олар мәртебені өзгерте алмайтындарын, бұл құзіретіне кірмейтіндігін алға тартқан. Келіншек бұл адам құқығын бұзу деп есептейді.

Цифрлық даму министрлігі 1414 байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді.

“Ashyq-тың өзінде, әдетте, бәрі бірден жаңарады. Яғни, зертханалар жүйеге деректерді жүктейді, ал Ashyq тек осы жүйеге жүктелген деректерді көрсетеді. Әр істі бөлек қарастыру керек. Жалған ПТР анализі бар адамдар мәртебесін ауыстыруға тырысқан кездер де болған. Сондықтан, қауіпсіздік барынша сақталады”, – дейді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Мақсат Төлегенов.

Мамандар ПТР анализі оң нәтиже көрсетсе де екі апталық карантинде жату керек екенін айтады. Өйткені вирус төменгі тыныс алу жүйелеріне өтіп кетуі мүмкін екен. Мұндай жағдайда анализ теріс нәтиже көрсетеді.

“Коронавируспен ауырып болғаннан кейін, қайтадан сынақ тапсырасыз. Ол теріс нәтиже көрсетсе де екі апта карантинде жату қажет болады. Өйткені вирус төменгі тыныс алу жолдарына түсіп кетуі мүмкін. Егер сіз сынақ нәтижесімен келіспесеңіз, барлық талаптарға сай шағым түсірсеңіз болады”, – дейді  медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Бекзатова.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.