«Әлі де күресемін»: Томирис Байсафаның анасы сот үкімінен кейін пікір білдірді

0
Мәскеуде қаза тапқан Томирис Байсафаның анасы сот үкімінен кейін пікір білдірді.

Бұған дейін Томирис Байсафаның өлтірді деген күдікке ілінген Дағыстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігінің ұлы Муртузали Меджидовті алдымен алқабилер соты, сосын соттың өзі ақтап шықты.

“Бүгін үкім шығарылды. Сот аяқталды. Менің әрі қарайғы процедуралық әрекеттерім – апелляция. Әрі қарай күресемін», — деді Жанна Ахметова.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Кейін Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов Томирис Байсафаны өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.