«Үлкендігі жаңғақпен бірдей»: Ақтөбе облысында қой-ешкілер бұршақ пен жаңбырға шыдамай қырылып қалды

0
Ақтөбе облысында ұсақ мал бұршақ аралас жауған жаңбырға шыдамай, жаппай қырылды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жауған бұршақ жаңғақтың үлкендігімен бірдей болған көрінеді. Шамамен 100-ден аса мал басы қырылған.

Мамандар малшылар қой мен ешкі жүнін ерте қырқып тастаған айтады. Сол себепті де ұсақ мал бұршақ пен жаңбырға шыдамапты. Ал өлмей, бірақ әлсіреп қалғандарын ауылдықтар өздері бауыздап алған.

«Зардап шеккен малдың барлығын союға тура келді. Бұл жылы бірінші рет орын алып отырған жағдай. Қазір малшылар қой-ешкінің жүнін қырқып тастады, алайда ауа райы әлі тұрақтала қоймады. Мұндай жайт қайталанбас үшін малға жіті көңіл бөлген жөн», – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.