Коронавирусқа шалдыққандар үйінен шықса, 87 мың теңге айыппұл төлейді

0

Коронавирусқа шалдықса да, өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамағандар жауапқа тартылады.

«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлайды. Бұл талаптарды орындамағандар үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді», – дейді комитет өкілі.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Қоғамдық орындарға барған кезде «қызыл» мәртебесі анықталса, оқшаулану ережесін бұзған болып саналады.

«Карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға себеп болады. Егер азамат өзінің мәртебесі туралы біле тұра, оқшаулану режимін бұзса және айналасындағыларға қасақана жұқтыру қаупін тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады», – деп түсіндірді комитет өкілі.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.