Аймағамбетов «жұмыс берушіге диплом қажет емес» екенін айтты

0
Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов жұмысқа тұру үшін диплом қажет емес екенін айтты.

«Қазақстандық университеттердің сапасы салыстырмалы түрде жақсарып келеді. Университеттердің барлығында білім жоқ деп топырақ шашуға болмайды. Шындығында, олай емес. Бізде бәсекеге қабілетті университеттер бар», – дейді Аймағамбетов.

Ол халықаралық QS рейтингін тілге тиек еткен. Оның айтуынша, соңғы екі-үш жылда осы рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 50 пайызға артқан.

«Біз академиялық еркіндік бердік және олар білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартты. «Атамекен» мен білім және ғылым министрлігі сауалнамалар жүргізді. Нәтижесінде студенттердің бұрынғыға қарағанда білім беру жүйесіне көңілі толатындығы байқалған. Биылғы жылдан бастап ЖОО-да жеке үлгідегі диплом беріп жатыр. Бірақ жұмыс беруші “мен бұл университетті білмеймін, сенің дипломың қажет емес” деуі де мүмкін. Сондықтан төрт жыл білім алғаныңды ғана көрсететін құжат емес, сонымен қатар сен қажетті талаптарға сай екеніңді көрсететін сертификат та берілетін болады», – дейді Асхат Аймағамбетов.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.