Алматы облысында полицейге сатушыны «ұрды» деген айып тағылды

0
Алматы облысында полицейге сатушыны «ұрды» деген айып тағылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Автордың айтуынша, ол жидек бағасын білу үшін жол жиегіне тоқтаған. Сол сәттте құқық қорғау қызметкері мен сатушы арасындағы жанжалдың куәсі болған. Жазбада әйел полиция қызметкері ер адамға қарсы күш қолданғанын айтады.

«Алматы облысы ПД Facebook-тегі жазба бойынша 31 мамырда сағат 15.30 шамасында Рахат ауылдық округі аумағында Құлжа тасжолын патрульдеу кезінде Еңбекшіқазақ АПБ учаскелік инспекторлары заңсыз сауданың жолын кесу мақсатында ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 204-бабы «белгіленбеген орындарда сауда жасау» бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады.

Сатушының айтуынша, жеке автокөлігімен өтіп бара жатқан әйел көмектесуге уәде беріп, полицей оны ұрғанын айтқызып, видеоны әлеуметтік желіге жариялаған», — деді ведомство өкілі.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Полиция тергеу барысында жазба авторы айтқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын анықтаған.

«Ақпарат арандатушылық сипатқа ие. Өйткені ер адам өзінің тағы бір үндеуінде әйелдің өтініші бойынша айтқанын, медициналық тексеруден өтуден бас тартқанын түсіндіреді», — деді ПД өкілі.

Сондай-ақ, сатушының полиция қызметкерлеріне ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан видеосы жарияланды.

«Кейін ол әйелден видеоны жарияламауды өтіндім, өйткені полиция қызметкерімен болған мәселе шешілді. Бірақ ол қалғанына «менің қатысым жоқ» екенін айтты», — дейді сатушы.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.