Жол салуға қатысты 14,6 млрд теңгенің тендерінен былық шықты

0

«АБК-Автодор НС» ЖШС мен «Казахдорстрой» ЖШС арасындағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу қызметтерін сатып алу бойынша конкурстардағы бағаларды қолдау бөлігіндегі картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқталды, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Тендерлердің жалпы сомасы — 14,6 млрд теңге.

«АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС мемлекеттік сатып алуға қатысты, оның бірі сатып алуды ең жоғары ықтимал баға бойынша өтті деп тану үшін екіншісіне жалған бәсекелестік тудырғаны анықталды.

Схема былайша жұмыс істеді: «АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС бәсекелестік күрес көріністерінсіз, бастапқы бағаға тең не ең аз төмендетумен бағаны ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес болды. Субъектілердің әрекеттері монополияға қарсы заңнаманың ережелерін бұзып қана қоймай, бюджет қаражатын үнемдеуді де жояды.

Бұл құқық бұзушылықтарды монополияға қарсы орган мемлекеттік сатып алу порталы мониторингінің қорытындылары бойынша анықтады. Қазіргі кезде тергеп-тексерулер объектілері тергеп-тексеру нәтижесіне сотқа шағым жасап жатыр.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.