Біркөлік шатқалында адасып кеткен 3 турист тікұшақпен құтқарылды

0

 Құтқарушылар Түркістан облысы Біркөлік тауында адасып кеткен үш туристі эвакуациялады, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

6 маусым күні сағат 15:40 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданының «101» қызметінің басқару пультіне азамат Ж.Тәжімұратовтан хабар келіп түскен. Ол сағат 12-00 кезінде 3 адамның тауда адасып кеткенін жеткізді. Демалушылардың құрамында 3 адам бар, олар — 1994, 1994 және 1993 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғындары. Туристер Біркөлік шатқалы бағытындағы тауларға сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен.

Қайтып келе жатқанда олардың біреуі ауырып қалады, сөйтіп олар өз бетінше таудан түсе алмайтынын түсінген. 16: 33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы аттанды. Түркістан облысы төтенше жағдайларды департамент бастығының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы жіберілген. 17:25 кезінде тікұшақтағы іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.