Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

0

Биылдыққа ҰБТ тапсырғандар арасында бірінші мәрте түлек тестілеуден ең жоғары ұпай 140 балл жинады. 

Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, «Білім-Инновация» қоғамдық қорының қызметкері Нұрбол Төлебаев Facebook парақшасында хабарлады. «Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 балл алды. Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro М1 иеленген Данияр Арманұлы Уәлиев – Павлодардағы ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің биылғы түлегі. Алтын белгі үміткері. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше мәрте ҚР чемпионы. Жалпыресейлік жарыстардың жүлдегері. Nur Sultan Оpen халықаралық жарысының чемпионы» деп жазды Нұрбол Төлебаев.

Еске сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар . Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.