Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты

0
 Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайы туралы айтты.

 «Зардап шеккен адамдар түрлі дене жарақатын және травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді, ал тағы бар адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оның қолының білек тұсы сынып, жабық бас сүйек-ми зақымын алды. Стационарлық ем-дом алып жатыр, жағдайы ауыр», — делінген Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласында «Алтын орда» базарының қасында үш адамды көлік қағып кетті.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.