Актриса Сая Оразғалиева дүркіретіп той өткізді

0
Қазақстандық актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты.

 

Ол өзінің сүйіктісі Илья Иминовпен үйлену тойын Алматыдағы таңдаулы мейрамханалардың бірінде атап өтті.

Қазақстандық әртістер салтанатты шарада түскен фото-видеоларын желіге жарыса жариялап жатыр. Актрисаның өзі де тойдан үзінді видеолармен бөлісті.

Жас жұбайлар мамыр айының соңында мұсылман дәстүрі бойынша неке қию рәсімін өткізген.

Бұған дейін Сая Оразғалиеваға сүйіктісі ұсыныс жасап, оң жауабын алған еді. Кейін актриса үлкен үйлену тойын жасамайтынын мәлімдеген.

Айта кетейік, бұл актрисаның екінші некесі. Оның жасөспірім баласы бар.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.