«Алкоголь мен есірткі қолданған». Алматыда жүргізуші аялдамада тұрған үш адамды қағып кетті

0
Алматыда алкоголь ішіп, есірткі қолданған жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қала полициясы мәлім етті

Алматы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, оқиға 2021 жылы 5 маусымда сағат 20.20 шамасында болған.

«Алкоголь және есірткі қолданып, «Ваз 21099″ автокөлігін басқарған 1997 жылғы жүргізуші Қ. Райымбек даңғылымен батыс бағытта бара жатқан. Ол аялдама кешенінде тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, жәбірленушілер әртүрлі дене жарақатымен қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді», — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.