Жас жігіт жасөспірім қызды пышақтап тастаған

0

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жас жігіт жасөспірім қызға пышақ салды. Ол осылайша, барлық бойжеткеннен өш алмақ болған.

 3 маусым күні кешке қалалық полиция бөліміне 14 жастағы мектеп оқушысы пышақ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Жасөспірімнің бақытына орай, алған жарақаты ауыр болмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған. Оқиға жәбірленушінің үйінің жанында болған. Оған бейтаныс ер адам таянып, кенеттен пышақ жұмсаған. Осыдан кейін шабуылшы қашып кеткен.

«Учаскелік полиция инспекторлары сауатты жедел іс-қимыл жүргізе отырып, ізін суытпай күдікті – 20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол бұзақылық ниетпен жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады. Қаскүнемнің айтуынша, ол қыздармен қарым-қатынас құра алмаған және олардан кек алуды шешкен. Жас жігіт пышақпен қаруланып, кешке қарай көшеге шыққан. Оның көзіне бірінші болып аталған жәбірленуші түскен. ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық« бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.