Ер адам Сайран көліне батып кетті: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

0
Алматы полициясы Сайран көлінде ер адамның қаза болғаны туралы мәлімет берді.
«Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде болған. Алдымен бейтаныс адам қатты дауыстап ән айтқан, сосын оны қоғамдық көліктен шығарып жіберді, содан кейін жағада жүгірді. Бір сәтте ер адам суға секіріп, тыйым салынған аймаққа қарай жүзді. Оның мәйітін құтқарушылар іздеу жұмыстары барысында тапты», — делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция мәліметінше, ер адамның өзімен бірге құжаттары болмаған.

«Ер адамның жеке басын тек таңға қарай анықтадық. Бұл психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны», — деді полицияда.

Бұған дейін Алматыда сүңгуірлер Сайран көліне батып кеткен ер адамның денесін алып шықты.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.