Екі бала қайтыс болған жол апаты: кінәлі жүргізушіге сот үкімі шықты

0

Қостанай сотында патрульдік көлікпен болған жол апатына қатысты үкім шықты. Апат кезінде екі бала қаза тапқан еді.

ВАЗ-2115 автокөлігі тізгінінде болған Виктор Маслюкты сот кінәлі деп тапты. Патрульдік көлікпен соқтығысқан жол апатында 12 жастағы жасөспірім мен 4 жасар бала каза тапқан болатын. Жүргізушіге ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша айып тағылды.

«Айыпталушыға бес жыл бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. 46-баптың 5-бөлігі 1-тармағына сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеу тағайындалсын. Сот залында қамауға алынсын», — деп үкім шығарды судья

Бұған дейін айыптау тарапы Виктор Маслюкті бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған болатын. Ер адам кінәсін мойындады.

Айта кетейік, 2020 жылғы шілдеде Қостанай — Рудный тасжолында ВАЗ-2115 пен патрульдік көлік соқтығысқан болатын. Оқиға орнында жүргізушінің 4 жасар жиені қайтыс болды, ал ауруханаға барар жолда 12 жастағы ұлы қайтыс болған. Патрульдік көлік бұрын сол жолдың 17-шақырымында болған жол апатына қарай бара жатқан.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.