🔰Сарысуда төрт айда түскен табыс 10 млрд теңгеден асады

0

🔺Сарысу ауданы экономикалық көрсеткіштері бойынша жоғары жетістіктерге жетіп отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім 10 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев айтты.

🔺Сарысу ауданында бүгінде 9 ауылдық округіне қарасты 25 елді мекен мен аудан орталығы Жаңатас қаласында 44 455 адам тіркелген.

🔺Ауданда осыдан 20 жыл бұрын Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 506,3 млн. теңге болды. Сондай-ақ тартылған инвестиция көлемі 27,0 млн. теңгені құраған еді.

©️©️©️
«Ал биыл бар-жоғы 4 айда өнеркәсіп саласында шығарылған өнім көлемі 10,4 млрд. теңгені, ал тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 8 млрд. теңгені құрап отыр.» деді М.Сұлтанғалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.