«Зардап шеккендер бар»: Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады

0
Қырғызстанда әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Алай аймағында болған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің тікұшағы Тәжікстанмен шекаралас аймаққа бағыт алғаны көрсетілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта апаттан төрт адам зардап шеккен.

«Бортта 15 адам болған. Қазіргі уақытта тек төрт адам зардап шеккен, оларға көмек көрсетіліп жатыр», — деді ақпарат көздері.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.