Белгілі журналист Ақордада жаңа лауазымға тағайындалды

0

Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады

«ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды», — делінген жазбада.

Берік Уәлидің айтуынша, Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер.

kaz.tengrinews.kz

Включить звук

2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.