Талдықорғанда басшысын атып өлтірген әскери қызметкер ұзақ мерзімге сотталды

0

Оқиға 2019 жылы болған

Талдықорғандағы әскери бөлімдердің бірінде қызметте болған азамат басшысын атып өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Әскери соттың баспасөз қызметі.

Оқиға 2019 жылы желтоқсан айында болған еді. Капитан шеніндегі «И» есімді әскери қызметші 16-калибрлі мылтықпен басшысының басынан атқан. Салдарынан майор оқиға орнында қаза тапты. Ал, қылмысын жасыру үшін сотталушы мылтықты өзенге лақтырып жіберген.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен, капитан «И.» адам өлтіргені (Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі) үшін, сондай-ақ атыс қаруын сақтағаны және алып жүргені (Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі) үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді», — делінген Әскери сот таратқан хабарламада.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.