Өте сирек кездесетін дерт: Тараздық 11 айлық сәбиге шұғыл түрде ота жасау керек

0

Өте сирек кездесетін дертке шалдыққан тараздық 11 айлық сәбидің ата-анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды. Бүлдіршінге «жұлынның бұлшық еті атрофиясы» деген диагноз қойылған. Мұндай науқастарды отандық дәрігерлер емдеуге қауқарсыз

Айсезім алты айлығында аталмыш дертке душар болған. Ол отырмақ түгілі, мойнын тік ұстай алмайды. Тыныс алуы да қиын. Үш күн бұрын жағдайы күрт нашарлап аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Қазір арнайы аппараттың көмегімен дем алып жатыр.

Бүлдіршіннің ауруы — өте сирек кездесетін ауру. Отандық дәрігерлер емдеуге дәрменсіз. Сәбидің ата-анасы шетелдік клиникаға жүгінген. Ондағылар бүлдіршіннің буынын қатайтып, іс-қимылын реттейтін ақуызды екпе салып емдеуге болатынын айтқан. Бірақ препараттың құны өте қымбат – 1 миллиард теңге. Жас отбасының ол дәріні сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Ерлі-зайыпты тұңғышының өмірін сақтап қалау үшін жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

«Көлікпен кетіп бара жатып отбасымызбен қайтыс болсақ, сол жеңіл көрінетін. Қызым сол кезде еш қиналмас еді. Қазір көргеннің бәрін көрмес еді. Қиналып, аузы, мұрнына түтікше тығып тастады. Мұның бәрін көрмейтін еді. Періште болып өтер еді», — деді Айсезімнің әкесі Сағыныш Жақсылық.

Жанашыр жандар Сағыныш Жақсылыққа 8 707 429 29 76 нөмірі бойынша хабарласа

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.