Қазақстандық азаматты Ashyq қосымшасында 2026 жастағы әйел деп тіркеп жіберген

0

Алматы тұрғыны Ashyq қосымшасы арқылы өзінің 2026 жаста әлі әйел ретінде тіркеуде тұрғанын білді. Ер адам COVID-19 бойынша мәртебесін тексерген кезде осындай қателікті көрген

Бұл туралы Седред Асретов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Сіздер менің жалмауыз екенімді білдіңіздер ме?

Ал шындығында бұл екі ойға итермелейді: кезекті қате мен қосымшаның өзіндегі ақаулар немесе жеке деректер провайдеріндегі кейбір қиындықтар», — деді Седред Асретов.

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әлі күнге дейін оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Дегенмен қателіктің себебі неде екенін анықтауға уәде берді.

Еске сала кетейік, Ashyq қосымшасы кафе, спортзал және бизнес орталықтарына кіру кезінде керек. Бұл жобаны сынға алатындар көп. Бірнеше айдан бері Ashyq қосымшасына қатысты түрлі дау шығып жатыр.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.