ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН!

0

Кеше Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Шуақты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті.

 Мерекелік концертке түрлі халықаралық, республикалық, қалалық өнер байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Концертпен бірге «Әлем-балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салу байқауы, «Латын әліпбиі – тәуелсіздіктің жаңа белесі» және «Ағылшын тілін үйренейік» атты акциялар, «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі, жас суретшілер көрмесі, түрлі ойындар, балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер көрсетілді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ғимарат ішінде емес, таза ауада ұйымдастырудамыз. Облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жеңімпаз болған жастар концерттік бағдарлама ұсынып, қала тұрғындарына, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Жалпы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жазғы демалыс кезінде балалар уақытын тиімді, көңілді өткізу үшін түрлі шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен облыс орталығындағы саябақтарда әр сенбі ағылшын тілін тегін үйрететін боламыз. Одан бөлек сенбі сайын «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылады, – дейді Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бахыт Тоқсанбаева.

Ал мерекелік концерт аяқталғаннан кейін жиналған балаларға демеушілер тарапынан тегін балмұздақтар мен сусындар, сыйлықтар таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.