МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

0

Биыл мектеп бітірушілердің барлығы қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің мәліметінше,2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы — 11 (12) сынып түлектері болса, 270 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары болып табылады.

Оның ішінде, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 11 сынып түлектері 712 оқушы құраса,9 сынып түлектері — 1223 оқушыны құрап отыр.

​9 сынып бітіруші мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталып кетсе, бүгін 11 сынып бітіруші мектеп түлектері оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.