ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – ЖАН САУЛЫҒЫ

0

Жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа өтпеуі үшін балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып-білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, көркем шығармашылық, спорт және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерлері ашылады.

2020-2021 оқу жылын сәтті аяқтаған Т.Рысқұлов ауданында5084 оқушының жазғы демалыс жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Осы ретте, 1-маусым балаларды қорғау күніне орай Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінде күндізгі тынығу лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Лагердің ашылуында сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы   балаларға ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарлама қойылып,асфальт бетіне сурет салу, эстафеталық  қызықты ойындарға ұласты. Мереке соңында өнерлі балалар марапатталды.

Тағы бір айта кететіні, мерекеге орай мектептің жомарт түлегі, кәсіпкер Шинасилов Айдостың демеушілігімен батут ойын алаңы құрылып,жас бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.