Балалар күні базарлықтар үлестірілді

0

1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесі күні аудан әкімі Сәкен Арубаев өзінің Facebook-тағы парақшасында үйде қызмет көрсету жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 75 балаға базарлық үлестірілетіні және олардың көңіліне қуаныш ұялату үшін түрлі мәдени іс-шаралар санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен бастау алатыны туралы айтып, бүлдіршіндерді құттықтаған болатын. Осы орайда аудандық емхананың ауласында «Бүкіл әлем – балалар көзімен» акциясы аясында сурет салудан байқау өтті.
Емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 35-ке жуық бүлдіршіндер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Суреттері үздік шыққан балғындарға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен жеке кәсіпкер Досжан Әбсаттарұлының демеушілігімен бағалы сыйлықтар, ойыншықтар, балмұздақтар таратылды. Шарада бүлдіршіндерді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сұлтанова сөз алып, балаларды жаз мезгілімен бірге келген мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.