Демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді: БҚО-да карантин жеңілдеді

0

Батыс Қазақстан облысында жексенбі күндері сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына рұқсат етілді, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты ұзартылды. 2 маусымнан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енеді

БҚО-ның санитар дәрігерлері қазір өңір коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа көшкенін хабарлады. Бұл кейбір шектеулердің күшін жоюға мүмкіндік берді.

«Егер сәуірде КВИ жұқтырудың 4 мыңға жуық жағдайы болса, мамырда 3 мыңға жуық. Сырқаттанушылық 23 пайызға төмендеді. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы штаттық режимде жұмыс істей алады, бұрын 20 пайыз болатын. Қоғамдық тамақтану нысандары бұрын сағат 9-дан 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Қазір жұмыс кестесі — сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін. Қалааралық автобустардың қозғалысына рұқсат етілген», — деді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Бұқаралық іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынады.

Айта кетейік, БҚО екі айдан астам уақыт бойы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта болды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.