Санитарлық талапты бұзғандарға 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

0

Т.Рысқұлов ауданында коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 1 қаңтар мен 31 мамыр аралығында мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша барлығы 1 893 935 теңгені құрайтын 30 айыппұл салынған.

Арнайы құрылған мобильді топ рейдтержүргізу барысында бекітілген талаптарды орындамағандар көптеп кездесті. Мәселен, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы.ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, өзіңізді және жанұяңызды коронавирусты инфекциядан қорғаңыз. Жақыныңызғажанашырболыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.